Сот Pussy Riot мүшесін мерзімінен бұрын босатпады

Фотография - Сот Pussy Riot мүшесін мерзімінен бұрын босатпады

2012 жылы қазанда сот Самуцевичтің жазасын шартты мерзімге ауыстырып, босатты.

132 0

Ресейдің Березники қаласының соты Pussy Riot панк тобының сотталған мүшесі Мария Алехинаның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Сот отырысы бейсенбіде қайта жалғасқан еді. Оған Мария Алехинаның өзі қатысқан жоқ. Сотқа оның орнына сот тағайындаған адвокаты қатысты.

Пермь облысында түрмеде жаза мерзімін өтеп жатқан Алехина 22 мамырда ендігі сот отырысына видео байланыс арқылы қатысудан бас тартатынын мәлімдеген еді. Ол өзін сот отырысына тікелей қатыстыруды, ал адвокатын сотқа қатыстырмауды талап етіп, аштық жариялаған.

Алехинамен бірге Pussy Riot-тың тағы екі мүшесі Надежда Толоконникова мен Екатерина Самуцевич "бұзақылық жасады" деген айыппен өткен жылы екі жылға сотталған еді. Олар 2012 жылы ақпанда Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Ресей президенті Владимир Путинге қарсы ән айтқан соң тұтқындалған.

2012 жылы қазанда сот Самуцевичтің жазасын шартты мерзімге ауыстырып, босатты.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!