Киев соты гей-парадқа тыйым салды

Фотография - Киев соты гей-парадқа тыйым салды

Елдегі православие шіркеуі де гомосексуалдарға қарсы ұстанымда.

195 0

Киев соты Украинадағы алғашқы гей-парадты өткізуге тыйым салды.

Украина астанасының әкімшілігі сенбіге жоспарланған гей-парад "сол күні қала күніне байланысты өтетін іс-шараларға кедергі келтіруі мүмкін" деп сотқа шағым түсірген еді. Сот қалалық әкімшіліктің гей-парадқа тыйым салу туралы шағымын қанағаттандырған.

Өткен жылы гей-парад өтер сәтте белгіленген орынға скинхедтер жиналып, парад өтпей қалған еді.

Украинада гомосексуализмге қатысты бап қылмыстық кодекстен 1990 жылдардың басында алынып тасталған. Бірақ өзге постсоветтік елдердегідей мұнда да гейлер мен лесбилерге қарсы көзқарас әлі бар.

Елдегі православие шіркеуі де гомосексуалдарға қарсы ұстанымда.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!