Ресейдің Қиыр Шығысында күшті жер сілкінісі болды

Фотография - Ресейдің Қиыр Шығысында күшті жер сілкінісі болды

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, Ресейдің Қиыр Шығысында болған зілзаланың қуаты Рихтер шкаласы бойынша 8,2 балды құраған. Жер сілкінісінің ошағы Охотск теңізінде - Ресейдің шығыс жағалауы мен Жапонияның солтүстік бөлігінде жердің 600 километр тереңдігінде тіркелген.

244 0

Зілзаланың күшті болғаны соншалық, дүмпуі Мәскеуге дейін жеткен. Мәскеуде биік ғимараттардағы адамдар жер сілкінісінің қайталануынан қауіптеніп далаға шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Ресейдің құзырлы органдары дүмпу болған алғашқы сәтте ұзамай Курил және Сахалин аралдарында цунами болуы мүмкін деп ескертіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырған еді. Бірақ кейін цунами болмайды деп хабарланды.

Камчатка түбегіне жақын Петропавловск-Камчатск қаласында Ресей атом сүңгуір қайықтарының базасы орналасқан. Ал Сахалинде Ресейдің ең ірі табиғи газ қоры бар.

Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!