400 адамды өлтірген сектантты Британия бауырына басты

Фотография - 400 адамды өлтірген сектантты Британия бауырына басты

Кенияның 27 жастағы тұрғыны Джон Туо өз елінде 400 адамды өлтірген

138 0

Кенияның 27 жастағы тұрғыны Джон Туо өз елінде 400 адамды өлтірген. Лаңкестер секілді жарып жібермеген, әр қайсысын қанжарымен сойып өлтіріпті. Иә, мұндай жауыздықты ақтаудың өзі ауыр күнә. Алайда, Ұлыбритания жауыз қылмыскерге өз жерінен саяси баспана берді.

Ауыр қылмысты Джон Туо он жыл бұрын жасаған. Сол уақыттан бері оған Босқындарды қолдау ұлттық қызметі көмек көрсетіп келді. Атап айтқанда, ұйым Туоға үй және ай сайын жәрдемақы ретінде 160 фунт қаржы беріп отырған. Бұл жайында британдық басылым The Daily Mail хабарлайды.

Газет тілшілерінің айтуынша, қылмыскер өз елінде «Мунгики» деген сектаның белді өкілі болған. Имиграциялық трибуналдың алдында түсінік берген Туо өзінің 400-дей адамды сойып тастағанын және қыздардың денсаулығына үлкен зиян келтіретін дәстүрлі рәсімге қатысқандығын мойындаған.

Бүгінде Ковентри қаласында тұрып жатқан кениялық жауыз соттан өз еліне депортация жасамауын сұрады. Айтуынша, Кенияға барған жағдайда оны секта мүшелері өлтіретін көрінеді. «Бұл – шындық. Мен көптеген адамды өлтірдім, бірақ ол өткен шақ. Қазір мен өз әрекеттерім үшін өкінемін. Жаңа өмір бастадым және қазір жұмыс іздеп жүрмін. Егер мен Кенияға оралатын болсам менің басымды шабады» деді Туо сот отырысы кезінде.

«Мунгики» сектасына ол небәрі 10 жасында кірген. Бірнеше жылдан кейін Туо сектаның мәртебелі мүшесіне де айналып үлгеріпті. 2002 жылы бір елдімекеннің тұрғындарына қарсы өткізілген қанды шараға қатысып, жүздеген адамды қанжарымен сойып тастаған. Кения билігі оны сол жылы заңмен қудалауды бастайды. Алайда, қылмыскер Англияға қашып үлгерген. Сот Туоға саяси баспана беріп, түзелуіне мүмкіндік беріп отыр. Ал, Британияның ІІМ-і сот шешімінен жаға ұстағандығын айтып отыр.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!