Пхеньян ядролық бағдарламасы жайында келіссөзге "дайын"

Фотография - Пхеньян ядролық бағдарламасы жайында келіссөзге "дайын"

Солтүстік Корея Халықтық армиясы саяси бюросының директоры Чхве Рен Хэ Қытай президенті Си Цзиньпинге Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның хатын тапсырды

175 0

Солтүстік Корея Халықтық армиясы саяси бюросының директоры Чхве Рен Хэ Қытай президенті Си Цзиньпинге Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның хатын тапсырды. Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Чхве Рен Хэ Си Цзиньпинге ресми Пхеньян ядролық бағдарламасына қатысты мәселені "диалог арқылы шешуге дайын" екенін білдірген.

Қытай ақпарат құралдарында хаттың мазмұны туралы егжей-тегжейлі айтылмаған. Бірақ Чхве Рен Хэ Си Цзиньпинге Пхеньян Солтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея қатысатын алты жақты диалог жүргізуге ынталы екенін білдірген.  

Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасынан бас тартқызуға қатысты алты елдің келіссөздері 2008 жылы үзіліп қалған еді. Ол келіссөздерде Пхеньян ядролық бағдарламасын дамытудан бас тартса халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсетіп, қауіпсіздігіне кепілдік беретіні туралы мәселе көтерілген.     

Қытай - Солтүстік Кореяны қолдаушы бірден бір мемлекет. Бірақ Пекин соңғы уақытта БҰҰ-ның Солтүстік Кореяға салған жаңа санкцияларына қолдау білдіріп жүр.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!