ХВҚ басшысы қылмыстық істе "куәгерге" айналды

Фотография - ХВҚ басшысы қылмыстық істе "куәгерге" айналды

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард Франциядағы "экономикалық өтемақы" дауына байланысты қозғалған қылмыстық істе айыпталушыдан куәгерге айналды.

230 0

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард Франциядағы "экономикалық өтемақы" дауына байланысты қозғалған қылмыстық істе айыпталушыдан куәгерге айналды.

Франция соты ХВҚ басшысы екі күн тергелген соң оған әзірге айып тақпай, "көмекші куәгер" мәртебесін беру туралы шешім шығарды. Франция заңдары бойынша "көмекші куәгерге" айып кейін тағылуы мүмкін.

Кристин Лагард Францияның экономика және қаржы министрі болып тұрған кезінде француз бизнесмені Бернар Тапиге 400 миллион еуро көлемінде өтемақының заңсыз төленуіне қатысы болды деп айыпталып отыр.

Енді ол АҚШ-қа оралып, қызметін атқара алады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!