Филиппинде теңіз жаяу әскеріне шабуыл жасалды

Фотография - Филиппинде теңіз жаяу әскеріне шабуыл жасалды

Филиппинде «Абу Сайяф» террористік тобымен болған атыста 7 теңіз жаяу әскері қаза тауып, 9-ы жарақаттанған.

115 0

Филиппинде «Абу Сайяф» террористік тобымен болған атыста 7 теңіз жаяу әскері қаза тауып, 9-ы жарақаттанған.

Оқыс оқиға Сулу провинциясының оңтүстігіндегі Холо аралында болған. Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, бүлікшілер тобынан да 4 адам көз жұмған. Жаяу әскер осы ауданда адам ұрлаған бүлікшілердің ізіне түскен. Алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда «Абу-Сайяф» тобының «әл-Каида» ұйымымен байланысы болуы мүмкін. Бұл бүлікшілер Филиппинде соңғы жылдары болған бірнеше үлкен шабуылдарға қатысты деген күдік бар.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!