Воронеж университетінің ректоры Вьетнамға сапары кезінде құс тұмауын жұқтырып алды

Фотография - Воронеж университетінің ректоры Вьетнамға сапары кезінде құс тұмауын жұқтырып алды

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік іссапары барысында ауыр індетке шалдыққан

190 0

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік іссапары барысында ауыр індетке шалдыққан

Воронеж мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің 41 жастағы ректоры Юрий Борисовке көмек көрсету үшін Вьетнамға жұқпалы аурулар бойынша дәрігерлерден жасақталған ұшақты жіберді. ЖОО басшысынан өкпенің белгісіз ауруы анықталды, ресейлік медицина қызметкерлері бұл дерт құс тұмауы болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

Борисовтың жағдайы мүшкіл болғандықтан, ол Ресейге жеткізілетін болады. Олар осы орайда өз елдерінде аталған азаматты емдеу үшін жаңа құрылғылар мен білікті мамандар бар екенін алға тартуда.

Университет басшысы Вьетнамға ресейлік делегация құрамында бірнеше күн бұрын барған екен. Кейін оның жағдайы нашарлаған соң, ректор Хошиминдегі клиникалардың біріне жатқызылды. Ол өз бетімен тыныстай алмайтын көрінеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз өкпе респираторлы ауруы диагнозы қойылып, жергілікті дәрігерлер Борисовтен құс тұмауына талдау алды. Себебі, бұл індетте осыған ұқсас белгілер бар.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!