Бостон марафоны "мәресіне жетті"

Фотография - Бостон марафоны "мәресіне жетті"

Бостонда үш мыңға жақын адам 15 сәуірдегі жарылыс салдарынан марафонның аяқталмай қалған бөлігі -1,6 километр қашықтықты символды түрде жүгіріп өтті.

280 0

Бостонда үш мыңға жақын адам 15 сәуірдегі жарылыс салдарынан марафонның аяқталмай қалған бөлігі -1,6 километр қашықтықты символды түрде жүгіріп өтті.

Сенбіде өткен шарада бірнеше қатысушы жарылыстан қаза тапқандарды еске алу ретінде АҚШ-тың үш туы мен Қытайдың туын көтеріп жүрді.

15 сәуірде марафонға қатысушылар мәреге жетер тұста бірінен кейін бірі екі жарылыс болып, үш адам қаза тапқан еді. Оның екеуі - америкалық, біреуі - Қытай азаматы болған. Жарылыстардан 260-тан астам адам жараланған.

Жарылысқа күдікті деп ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар танылған. Оларға бірнеше күннен кейін Бостон маңында полиция жүргізген операцияда бір полицейді атып өлтірді деген тағы бір айып тағылып отыр.

Тамерлан Царнев полициямен атыста оққа ұшты. Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.

Бостонға оқуға кетті делінген екі қазақстандық - Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев Джохар Царнаевпен байланысы болуы мүмкін деген күдікке ілініп, қазір  қамауда отыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!