Ашғабад Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фотография - Ашғабад Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бұл туралы Түркіменстанның Мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.

115 0

Ашғабад қаласы "әлемде ақ мәрмәр тастан салынған ғимараттары ең көп қала" ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Түркіменстанның Мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.

Гиннес кітабына енгені туралы сертификатты рекордтар кітабының бас редакторы Крег Глендейн қала әкіміне тапсырған.

Құжатта 22 шаршы километрге жететін аумақта ақ мәрмәрмен қапталған жаңа 543 ғимарат тұрғызылғаны айтылған. Ақ мәрмәрмен қапталған құрылыс нысанының жалпы көлемі 4,5 миллион шаршы метрден асады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!