«McDonald’s» және «KFC» ас мәзірлерін мұсылмандыққа бейімдеуде

Фотография - «McDonald’s» және «KFC» ас мәзірлерін мұсылмандыққа бейімдеуде

Тіпті кейбірі шошқа етінен әзірленетін тағам мәзірлерін алып тастауда.

230 0

Австралияда мұсылмандардың көбеюіне орай соңғы уақыттары қоғамдық орындарда тез тағам дайындайтын желілік кафелер өздерінің ас мәзірлеріне халал тамақ түрлерін қосуда, - деп хабарлайды «ansar.ru». Тіпті кейбірі шошқа етінен әзірленетін тағам мәзірлерін алып тастауда.

   Себебі, олар мұсылман қауымының ондай харам араласқан орындарға келмесін білуде. Айта кетейік, Австралияда тұратын мұсылман халқы 5 жыл шамасында 40%-ға өсіп, 476 291 адамға жеткен. Әсіресе, Ислам дініне қызығушылардың саны Сидней және Мельбурн қалаларында едәуір өсіп келеді.

Тіпті «ANZ» және «MCG» секілді үлкен спорт ареналарының аумағында мұсылмандарға арналып намаз оқитын орындар ашылған.

   Қоғамдық орындарда тез тағам әзірлейтін «KFC» желілік ресторанының өкілінің хабарлауынша, Бэнкстаун және Панчбоул қалаларындағы үш бөлімшесі халал ас мәзірі үшін сертификат алған. «KFC» кафесі келуші мұсылмандар үшін ас мәзіріндегі шошқа еті қосылған тамақ түрлерін алып тастады, - деп жазады австралиялық "The DailyTelegraph» газеті.

Сегіз желілік рестораны бар оның төртеуі Мельбурн қаласында орналасқан «McDonald’s» шошқа етінен әзірленетін тамақ түрлерін түбегейлі алып тастамаса да, өзінің келушілеріне арнайы халал ас мәзірін ұсынуда екен.

   McDonald’s желелік ресторанының бөлім менеджері жаңадан енген халал ас түрлері елдегі халықтың сұранысын аттырып жатқанын мәлімдеуде. Оның айтуынша, бүгінгі күні компания халал және халал емес тағам түрлерін бөліп жасаудың технологиясы қарастырылып жатыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!