Чехия дүкен тауарларын ұрлаудан рекорд жасады

Фотография - Чехия дүкен тауарларын ұрлаудан рекорд жасады

Өткен жылы Чехия дүкендерінен ұрланған тауарлардың жалпы құны 4 млн евроға жеткен. Бұл ірі сауда орындарынан алынған мәлімет қана.

124 0

Өткен жылы Чехия дүкендерінен ұрланған тауарлардың жалпы құны 4 млн евроға жеткен. Бұл ірі сауда орындарынан алынған мәлімет қана.

Ria.ru-дың хабарлауынша, елдегі экономикалық дағдарыс қарапайым тұрғындарды ұрлыққа итермелеп отыр. Былтыр 10 млрд чех кронасы көлемін­де­гі тауа­р ұрланған, бұл – 4 млн евро. Маман­дар ұсақ сауда орындарындағы ұрлық-қарлық есептелсе, төленбей кеткен со­маның бұдан әлдеқайда көп болаты­нын айтады. Дүкен сөрелерінен тауар жымқыру деректері биыл да көбейіп тұр. Сарапшылардың айтуын­ша, жағ­дайдың бұлай өрбуіне елдің бұрынғы Президенті Вацлав Клаустың 2012 жылдың 1 қаңтарында жүздеген сот­тал­ған адамға рақымшылық жасауы себеп. Бірақ ұрлық жасаушы­лардың арасында бұрын сотталмағандар да аз емес.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!