Мәскеудің орталығындағы жаңа элиталық пәтерлердің бағасы 3-5 млн. долларға жетті

Фотография - Мәскеудің орталығындағы жаңа элиталық пәтерлердің бағасы 3-5 млн. долларға жетті

2012 жылға қарағанда Мәскеуде қымбат жаңа құрылыстар нарығында элиталық тұрғын үй сатып алудың орташа бюджетінің ұлғаюы үрдісі байқалды, деп хабарлады РБК.

162 0

2012 жылға қарағанда Мәскеуде қымбат жаңа құрылыстар нарығында элиталық тұрғын үй сатып алудың орташа бюджетінің ұлғаюы үрдісі байқалды, деп хабарлады РБК.

Егер өткен жылы салынып жатқан нысандарда элиталық нарықта орташа бюджеті 1-2 млн. доллардың тұрғын үйлеріне сұраныс болса, биыл 3-5 млн. доллар тұратын пәтерлерге сұраныс көбейді. Бұл үрдісті TWEED жылжымайтын мүлік агенттігінің бас директоры Ирина Могилатова да қуаттап отыр. «Өткен жылмен салыстырғанда, жоғары дәрежеде әзір болған элиталық жылжымайтын мүлікке сұраныс шамамен 30 пайызға өсті», деп атап өтті ол.

Бұған өздерінің капиталын ұлғайтуға мүдделі инвесторлар ғана емес, өз қаржысын сенімді сақтауға ниетті сатып алушылар да ықылас білдіріп отыр. Олар қаржыны ақшалай сақтағаннан гөрі жылжымайтын мүлікке аударған дұрыс деп санайды.

Мәскеудің Орталық әкімшілік округінде бүгінде 50 корпус жаңа үйлер сатуға қойылды. Округтегі жоғары бюджетті тұрғын үйдің жалпы көлемі 354,8 мың шаршы метрді құрайды. Ал бұл үйлердегі әр шаршы метрдің бағасы 564 мың рубльге жетті. Егер І шаршы метрдің орташа бағасын сатуға қойылған көлемге көбейтетін болсақ, Орталық әкімшілік округіндегі элиталық жаңа құрылыстарды сатушылар 200 млрд. рубль пайда табады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!