Тоғыз жасар қыз McDonald's президентін елдің көзінше ұялтты

Фотография - Тоғыз жасар қыз McDonald's президентін елдің көзінше ұялтты

АҚШ-қа анасымен бірге келген тоғыз жасар Ханна Робертсон есімді қыз McDonald's президенті Дон Томпсонға балаларды зиянды тамақты жеуге үгіттейтінін айтып, акционерлердің жыл сайынғы кездесуінде бәрінің көзінше ұялтыпты.

184 0

АҚШ-қа анасымен бірге келген тоғыз жасар Ханна Робертсон есімді қыз McDonald's президенті Дон Томпсонға балаларды зиянды тамақты жеуге үгіттейтінін айтып, акционерлердің жыл сайынғы кездесуінде бәрінің көзінше ұялтыпты.

«Өтінемін зиянды тағамдарды қызықты етіп жарнамалау арқылы балаларды алдауды қойыңызшы!»,-депті Иллинойс штаты Оук-Брук қаласындағы фирманың штаб-пәтеріне арнайы келген оқушы қыз. Оның айтуына қарағанда, компания балалардың назарын аудару үшін түрлі мультфильмдердің кейіпкерлерін қолданады екен. «Дұрыс тамақтану ережелерін балаларына кей ата-аналар үйрете бермейді. Ал фаст-фудтың қаншалықты зиян екенін балақайлардың біле қоймайтыны анық»,-деді Ханна Робертсон.

Айыптауларды жоққа шығаруға асыққан McDonald's президенті компания балалардың денсаулығына зиян тигізуді көздемейтінін, оларға ұзақ ғұмыр тілейтінін алға тартты. «Менің балаларым да McDonald's-тен тамақтанады. Бұл жерде тек фаст-фуд қана емес, жеміс-жидек, көкөніс сатып алуға болады»,-деді бас директор.

Кейін журналистерге берге сұхбатында оқушы қыз жиналыстан кейін Томпсон келіп, жақсы сұрағы үшін алғыс білдіргенін айтты.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!