Қазақстан дизайнерлері Сочи Олимпиадасында киетін форманың үлгілерін ұсынды

Фотография - Қазақстан дизайнерлері Сочи Олимпиадасында киетін форманың үлгілерін ұсынды

Арнайы комиссияның сүзгісінен өткен ең  үздік  үш жоба интернет арқылы көпшіліктің талқысына салынады. Әзірге үміткерлер саны - 10. Алғашқы болып сайысқа түсетін отандық 2 сәнгердің сызбасымен танысудың сәті түсті.

423 0

Арнайы комиссияның сүзгісінен өткен ең  үздік  үш жоба интернет арқылы көпшіліктің талқысына салынады. Әзірге үміткерлер саны - 10. Алғашқы болып сайысқа түсетін отандық 2 сәнгердің сызбасымен танысудың сәті түсті.

Ақ Олимпиадада Ұлттық құраманы киіндіруге үміттілердің бірі - Айжан Боқаева. Атыраулық ару спорттық киімдердің сызбасын 14 сағаттың ішінде қағазға түсірген. Ал үлгінің жобасын түсінде көріпті. Осылайша салтанатты шеру мен жарысқа киетін форманы біріктірген. "Ел намысын қорғайтын спортшыға ыңғайлы форма тігу айрықша шеберлікті талап етеді" дейді ол.


Айжан Боқаева, конкурсқа қатысушы:


- Түсімде қыран құс түрлі-түсті қанатымен ұшып барады екен. Сол есімде қалды. Осы көріністі спортшылардың сыртқы киіміне үйлестірдім. Форманың барлық жері Ұлттық оюлармен безендірілді. Тек киімнің түсін сәл өзгерттім. Ал малақай ежелден киетін бас киіміміз.


Ал Лондон Олимпиадасында Қазақстан жанкүйерлер штабын басқарған Римма Тәжібаева құрамаға бойтұмар ұсынып отыр. Айтуынша, жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазы жылдам, ұшқыр әрі ептіліктің символы. Сол себепті осы жануардың таңбалы тастағы бейнесін барлық киімде қолдануды жөн көріпті. Бұл киімдерде спорт пен классикалық стиль аралас. Формадағы әр өрнек алтын жалатылған және түстердің үйлесіміне аса мән берілген.


Римма Тәжібаева, конкурсқа қатысушы:


-  Қысқы ойындар болғасын пальто, классикалық шалбар, бірақ кішкене спорт түріне сәйкестендірілген, сосын өзіміздің құлақшынымыз. Көк түстің мына ашық көк түстен бастап, қою көк түске дейінгі барлық түстері өте модный болып келеді.


Арнайы комиссия 10 дизайнердің ішінен 3 жобаны сұрыптайды. Көпшілік оған интернет арқылы мамырдың 27-і мен 29-ы аралығында  дауыс беріп, ең мықтыны анықтайды. Жеңімпазға Сочи Олимпиадасына 2 адамдық жолдама берілмек. Қазір Қазақстан қоржынында қысқы 10 спорт түрінен 22 лицензия бар. Оны 40-қа жеткізу көзделіп отыр.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!