Белградта Югославияның соңғы королі жерленді

Фотография - Белградта Югославияның соңғы королі жерленді

Сербия астанасы Белградта Югославияның соңғы королі ІІ Петр Карагеоргиевич қайта жерленді. Ол осыдан 43 жыл бұрын АҚШ-та қайтыс болған еді.

160 0

Сербия астанасы Белградта Югославияның соңғы королі ІІ Петр Карагеоргиевич қайта жерленді. Ол осыдан 43 жыл бұрын АҚШ-та қайтыс болған еді.

Жерлеу рәсіміне Сербия президенті Томислав Николич пен премьер-министр Ивица Дачич қатысты.

Югославияның үшінші әрі соңғы королі болған ІІ Петр Карагеоргиевич таққа 1934 жылы, әкесі - король І Александрді қастандықпен өлтіріп кеткен соң отырған еді. 1941 жылы антинацистік төңкеріс кезінде ол Югославиядан қашып кеткен. Кейін Югославияның коммунистік режимі ІІ Петрдің елге келуіне рұқсат етпеді. Ол 1970 жылы 47 жасында қайтыс болды.

Монарх Белградқа жақын Опленацтағы Әулие Георгий храмына жерленді.

ІІ Петрдің баласы Александр Карагеоргиевич 2011 жылы Сербияға оралып, елде конституциялық монархияны қалпына келтіруге шақырған.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!