Техаста ер адам винтовкадан оқ атып, екі бейбіт тұрғын көз жұмды

Фотография - Техаста ер адам винтовкадан оқ атып, екі бейбіт тұрғын көз жұмды

Зардап шеккендердің арасында Кончо округінің шерифі бар

210 0

АҚШ-тың Техас штатында белгісіз ер адам адамдарға бей-берекет оқ атқан. Соның салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам жараланды, деп хабарлайды РБК. Зардап шеккендердің арасында Кончо округінің шерифі бар. Құқық қорғау органының қызметкерлерімен атыс кезінде қаскүнем көз жұмды.

Техас қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметі бойынша, қылмыскер – Солтүстік Каролинаның 23 жастағы тұрғыны. Оның есемі әзірше құпия сақталып отыр. Полицейлер қылмыскерді туыстарының танып, растауын күтуде.

Қайғылы оқиға орын алған Кончо округі Далластан оңтүстік-батыста 250 миляда орналасқан. Бейбіт тұрғындарға шабуыл 26 мамырда таңертең болды. Шабуыл жөнінде бірінші хабарламаға полиция бөлімшесіне сағат 04:30 шамасында келіп түскен. Иден қалашығында қылмыскер әйел адам мінген автокөлікке оқ атқан. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақаттан көз жұмды. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!