Иванишвили грузиялықтарды төзімділікке шақырды

Фотография - Иванишвили грузиялықтарды төзімділікке шақырды

Ол сепаратистік аймақтар - Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Грузия құрамына қайта қосуды ел тәуелсіздігінің ажырамас бөлігі деп атады

144 0

Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили демократия мен адам құқықтарын құрметтеуді, сепаратистік аймақтар - Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Грузия құрамына қайта қосуды ел тәуелсіздігінің ажырамас бөлігі деп атады.

Грузияның тәуелсіздігі күніне орай телеарнадан сөйлеген сөзінде ол "Сепаратистік аймақтардың азаматтарына үлгі болып, оларды өзіне тарту үшін Грузия тұрақты және экономикалық тұрғыдан дамыған мемлекет болуы қажет" деді.

Иванишвили Тбилисиде 17 мамырда гейлердің құқықтарын қорғауға арналған акцияға жасалған кедергілерге қатысты да пікірін білдірді. Премьер: "Ешкім өзінің өзгелерден ерекше болғаны үшін, пікірі мен ойын еркін білдіргені үшін жазаланбайды" деді. Ол бұған қоса грузиялықтар "өз дәстүріне адал, өзгелердің дәстүріне құрметпен қарауы тиіс" екенін айтты.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!