Немересімен шатастырып балабақшадан өзге баланы алып кеткен

Фотография - Немересімен шатастырып балабақшадан өзге баланы алып кеткен

Өзіне қарай жүгіріп келген балақайды киімдерімен қоса, жетегіне алып жүре береді

137 0

Ростов қаласының қарт тұрғыны балабақшадан немересін алып кетуге келіп, өзімдіке деп айғармай өзге баланы алып кетіпті. Ол мектепке дейінгі мекемеге кіріп, өз немересінің атын атап шақырған. Өзіне қарай жүгіріп келген балақайды киімдерімен қоса, жетегіне алып жүре береді. 

Тек, үйіне жетіп табалдырықтан аттай бергенде ғана, ол ертіп келген баланың өз немересі емес екенін біліп, балабақшаға кері қайтады. Бөтен баланы бақшаға қайта алып келгенде қарияны мұнда полиция өкілдері қарсы алады. Ал оларды «жоғалған» баланың ата-анасы шақырған екен. Бала аман-сау өз бақшасына қайта келгенімен, енді аталған мекеменің жауапты мамандарына өз істеріне салғырт қарағаны үшін тиісті жаза қолданылмақ көрінеді. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!