Атамбаев пен Рахмон жаңа теміржол салуға келісті

Фотография - Атамбаев пен Рахмон жаңа теміржол салуға келісті

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасын жалғайтын жаңа теміржол салу туралы келісімге қол қойды

235 0


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасын жалғайтын жаңа теміржол салу туралы келісімге қол қойды. Екі ел басшылары бұл туралы Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер басшыларының жиынында уағдаласқан.

Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, жаңа теміржол желісі әуелі Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасын жалғайды. Бұдан соң теміржол Ауғанстан, Иран және Парсы шығанағы елдеріне қарай созылады.

Алмазбек Атамбаев пен Эмомали Рахмон ҰҚШҰ аясында екіжақты кездесу өткізген еді. Оған дейін ҰҚШҰ-ға кіретін елдер - Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Арменияның қорғаныс министрлері бірлескен әскери жаттығулар өткізу және ұйымға қажетті қару-жарақтар тізімі туралы келісімге қол қойған еді.

ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері Ресей мен АҚШ-тың Сириядағы жағдайды талқылау үшін халықаралық конференция шақыру туралы ұсынысын қолдады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!