Малиде президенттік сайлау 2013 жылғы шілденің 7-сінен 28-іне ауыстырылды

Фотография - Малиде президенттік сайлау 2013 жылғы шілденің 7-сінен 28-іне ауыстырылды

Малиде президенттік сайлау 2013 жылғы шілденің 7-сінен 28-іне ауыстырылды

159 0

Малиде президенттік сайлау 2013 жылғы шілденің 7-сінен 28-іне ауыстырылды.

Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасап РосБизнесКонсалтинг жазып отыр.

Бұған дейін президенттік сайлауды биылғы жылдың 7 шілдесінде өткізу жоспарланған болатын. Енді үкімет 7 шілдеден тек сайлауалды науқан басталатынын айтып отыр.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда елді Дионкунда Траоре басқарып отыр.

Мали астанасы Бамакода 2012 жылдың наурызында қансыз әскери төңкеріс орын алған болатын. Қалыптасқан саяси босқуысты пайдаланған туарегтер Малидің солтүстігінде тәуелсіз мемлекет құратындарын жарияласа, ал «Ислам Магрибіндегі «Әл-Каида» тобына жақын радикалды топтар аймақта шариат мемлекетін құруға ұмтылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!