Рамзан Қадыров: FBI Тодашевті негізсіз өлтірді

Фотография - Рамзан Қадыров: FBI Тодашевті негізсіз өлтірді

Қадыров Ибрагим Тодашевтің "жақсы азамат" болғанын айтады

154 0

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров АҚШ-тың федералдық тергеу бюросын (FBI немесе ФБР) Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевпен байланысы бар делінген этникалық шешен Ибрагим Тодашевті негізсіз атып тастады деп айыптады.

Қадыров Ибрагим Тодашевтің "жақсы азамат" болғанын айтады. Ол Грозный қаласының әкімшілігінде қызмет істейтін Тодашевтің әкесін "парасатты адам" дейді. Шешенстан басшысы өзін адам құқықтарын бұзады деп сынайтын АҚШ пен батыстық ақпарат құралдарын "қос стандарт саясатын ұстанады" деп айыптады.   

FBI баспасөз қызметі тергеуші агенті Ибрагим Тодашевті 22 мамырда тергеу кезінде өзара жанжал туып, атып тастағанын хабарлаған еді. FBI Тодашев тергеуде агенттің өміріне қауіп келтіретіндей доңайбат көрсетті деген.

Тодашев 2011 жылы Массачусетсте үш адамды өлтіріп кету оқиғасына қатысты іс бойынша тергеліп жатқан еді. Тергеушілер үш адамның өліміне Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың да қатысы болуы мүмкін деген. 

Тамерлан Царнаев 19 сәуірде полициямен атыста оққа ұшқан. Ал оның бауыры, Бостон марафонындағы жарылысқа екінші күдікті Джохар Царнев қазір қамауда отыр.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!