Әлемде балалардың 25 пайызы тамаққа жарымай отыр

Фотография - Әлемде балалардың 25 пайызы тамаққа жарымай отыр

Әлемде балалардың төрттен бір бөлігі тойып тамақтанбаудан зардап шегуде

136 0

Әлемде балалардың төрттен бір бөлігі тойып тамақтанбаудан зардап шегуде.

Бұл британдық Save the Children қайырымдылық ұйымының зерттеу қорытындысы, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Баяндамада атап өтілгендей, асқа жарымай жүрген балалардың мектепте білім алуына кері әсерін тигізуі ықтимал. Жеткілікті мөлшерде тамақтанбау олардың оқу және жазу қабілеттерін тежеуі мүмкін.

Зерттеу авторларының байламынша, тоя тамақтанбау айықпас зардаптарға әкелуі мүмкін: балалардың денінде ой-қабілеттің дамуында ауытқулар болып, әлсіз болып өседі. 

Ұйым әлем көшбасшыларын асқа жарымау мәселесін «үлкен сегіздіктің» маусым айындағы саммитінің күн тәртібіне енгізуге үндеуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!