Қытай Индонезияның солтүстігіндегі СЭС құрылысына 17 миллиард доллар салады

Фотография - Қытай Индонезияның солтүстігіндегі СЭС құрылысына 17 миллиард доллар салады

China Power Investment деп аталатын Қытайдың мемлекеттік компаниясы Индонезияға тиесілі Калимантан аралының солтүстік-шығысындағы су электр станциясының құрылысына 17 миллиард доллар қаржысын салмақ

110 0

China Power Investment деп аталатын Қытайдың мемлекеттік компаниясы Индонезияға тиесілі Калимантан аралының солтүстік-шығысындағы су электр станциясының құрылысына 17 миллиард доллар қаржысын салмақ. Бұл жайында бүгін Антара ақпараттық агенттігі хабарлады.

Индонезияның энергетика және тау кен өнеркәсібі министрі Джеро Вачиктің айтуынша алып электростанция Каян өзенінде бой көтереді.

«Қуаттылығы 7 мың мегаватт болатын СЭС құрылысы келесі жылы басталып, бес жылға созылатын болады» деді министр.

China Power Investment компаниясы сонымен қатар, Индонезияның щалғай аудандарындағы күн электр станцияларына да қаржы салуды көздеп отыр. Сондай-ақ, келесі жылы аталған елден тазартылмаған кенді алып шығуға тиым салынуына байланысты қытайлық компания бірқатар өндіріс орындарына инвестиция құюды жоспарлауда дейді Вачик.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!