АҚШ әуе лайнерінің жолаушысы әуеде есікті ашпақ болған

Фотография - АҚШ әуе лайнерінің жолаушысы әуеде есікті ашпақ болған

АҚШ-та америкалық лайнердің жолаушылары мен экипаж мүшелері әуеде ұшақ есігін ашпақ болған ер адамды тәртіп сақшыларының қолына тапсырды

202 0

АҚШ-та америкалық лайнердің жолаушылары мен экипаж мүшелері әуеде ұшақ есігін ашпақ болған ер адамды тәртіп сақшыларының қолына тапсырды. Бұл туралы РИА НОВОСТИ мәлімдеп отыр. 

Оқиға 137 жолаушысы бар Boeing 737-800 ұшағының бортында орын алды. Куәгерлердің айтуына қарағанда, жолаушылардың бірі Портленд әуежайына қону кезінде есікті ашуға тырысыпты. Бірнеше адам оған тарпа бас салып, ұшақ жерге қонғанша жібермей ұстапты.

АҚШ-тың тәртіп сақшылары ер адамды Портленд халықаралық әуежайында құрықтады. Осы әрекеті үшін 23 жасар Александр Майкл Херрерге айып тағылып отыр. Alaska Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Анкориджден Портлэндке бет алыпты. Ұсталған азамат федералды сот үкімін күтуде.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!