Грузия Оңтүстік Осетияда шекара қоршалуына наразы

Фотография - Грузия Оңтүстік Осетияда шекара қоршалуына наразы

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе Грузияның сепаратистік Оңтүстік Осетия аймағы шекарасына Ресей әскерінің сымтемір орната бастағанына алаңдаушылық білдірді

302 0

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе Грузияның сепаратистік Оңтүстік Осетия аймағы шекарасына Ресей әскерінің сымтемір орната бастағанына алаңдаушылық білдірді.

Кейбір хабарларға қарағанда, Ресейдің Оңтүстік Осетия шекарасына орната бастаған сымтемірлері Грузия территориясына қарай кіріп кеткен. Оңтүстік Осетиямен шектес Дици елді мекенінің тұрғындары жаңа орнатылған сымтемірден ары қарайғы бұрынғы жерлерге енді мал жая алмайтындарын айтып, шағымданған.

Журналистер алдында сөйлеген Майя Панджикидзе ресми Тбилиси Ресейге осы мәселеге қатысты арнайы нота жолдайтынын айтты. Ол бұл мәселені осы аптада шетел дипломаттарымен кездескенде және келесі айда Женевада Грузияның сепаратистік аймақтарына қатысты өтетін келіссөздерде көтеретінін мәлімдеді.

Ресей Грузияның сепаратистік аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін 2008 жылы мойындаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!