Киевте жаңаөзендіктерді қолдау акциясы өтті

Фотография - Киевте жаңаөзендіктерді қолдау акциясы өтті

28 мамыр күні Киевтегі Қазақстан елшілігінің алдына жиналған 20 шақты "Боротьба" ұйымының белсенділері наразылық ациясын өткізді. Олар Қазақстан үкіметінен қамаудағы жаңаөзендіктердің ісін әділ түрде қарауды және Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар кінәлілерді жазалауды талап етті.

225 0

Украиналық белсенділер Қазақстанның жоғарғы соты істерін қайта қараған жаңаөзендіктерге тілектес екендерін жеткізді. Дәл осы күні Астанада жоғарғы сот "Жаңаөзен ісі" бойынша сотталған 14 адамның ісін қайта қарап, 6 адамның жазасын жеңілдеткен еді.

2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында ереуілдеп тұрған мұнайшыларға полиция мен арнайы күштер оқ атып, 16 адам өліп, жүзден астамы жараланған. Бірқатар халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары мен белсенділер Қазақстан үкіметінен бұл қанды оқиғаның себептерін тәуелсіз түрде тексеруді талап етіп келеді.

Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!