Қытайлықтар Марста өмір сүруді қалайды

Фотография - Қытайлықтар Марста өмір сүруді қалайды

 Марс ғаламшарын игеруді көздейтін Mars One жобасы қытайлықтар арасында сауалнама жүргізіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Қытай азаматтарының 10 мыңға жуығы Марсқа мәңгіге қоныс аударуға дайын болып шықты

201 0

 Марс ғаламшарын игеруді көздейтін Mars One жобасы қытайлықтар арасында сауалнама жүргізіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Қытай азаматтарының 10 мыңға жуығы Марсқа мәңгіге қоныс аударуға дайын болып шықты.

«Маяк» радиосының хабар­лауын­ша, Қызыл ғаламшарды игеру бағ­дар­ламасына сәйкес, 2023 жылы Қытай­дың алғашқы төрт еріктісі сол ға­­­­лам­­­шарға ұшуы тиіс. Олардың дайындығы мен сапары реалити-шоу түрінде тікелей эфирде көрсетіледі. Қазіргі мезгілде қытайлықтар ара­сында Марсты игеруге ниет біл­діру­шілер көбейген. Ғарыш­құмарлар Жерге 56 млн шақырым жақын ғалам­шарға мәңгіге қоныс ау­даруға дайын екенін айтып отыр. Қытай билігі болса, жергілікті бас­пасөзде еуропалық Mars One жобасын ақша жасаудың амалы деп айыптады. Жобаға өтініш білдіру үшін әр қытайлық 75 доллардан төлеуі тиіс


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!