Царнаевтардың әпкесі айыбын жоққа шығарды

Фотография - Царнаевтардың әпкесі айыбын жоққа шығарды

Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан және Джохар Царнаевтардың әпкесі Белла Царнаева өзіне тағылған айыптарды мойындамады

166 0

Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан және Джохар Царнаевтардың әпкесі Белла Царнаева өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

24 жастағы Белла Царнаева Бостон марафонындағы жарылысқа дейін-ақ, 2012 жылы желтоқсанда  Нью-Джерсиде тұтқындалған. Адвокатының айтуынша, оған "есірткі сақтап, таратпақ болды" деген айып тағылған. Онымен бірге тұрған Ахмад Халил есімді этникалық шешен азаматына да есірткі сақтады деген айып тағылған.

Нью-Джерсиде өткен сотта Царнаева мен Халил өздерінің кінәсін жоққа шығарған.

Билік өкілдері Белла Царнаеваның ісін бауырлары Тамерлан және Джохар Царнаевтың ісімен байланыстырып отырған жоқ. Оның ісі ағайынды Царнаевтар 15 сәуірде марафонда болған жарылысқа күдікті деп танылған соң көпке белгілі болған.

Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының маңында ұсталып, қазір қамауда отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!