Канада Иранмен сауда-саттықты тоқтатпақ

Фотография - Канада Иранмен сауда-саттықты тоқтатпақ

Канада Иранның ядролық бағдарламасы және осы елдегі "адам құқықтарының бұзылатынына байланысты" Тегеранмен сауда-саттық жасауды тоқтататынын мәлімдеді.

173 0

Канада Иранның ядролық бағдарламасы және осы елдегі "адам құқықтарының бұзылатынына байланысты" Тегеранмен сауда-саттық жасауды тоқтататынын мәлімдеді.

Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдтің айтуынша,  Оттава Иранның осы айда МАГАТЭ өкілдеріне ядролық зерттеулерімен танысуына рұқсат бермегеніне алаңдаушылық білдіреді. 

Өткен айда Канада Иранды "халықаралық қауіпсіздікке ең үлкен қауіп төндіретін ел" деп атап, бұл елмен дипломатиялық байланысын үзген еді.

Бұдан бұрын Оттава Иранға бірнеше экономикалық санкциялар салған.

2012 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 130 миллион АҚШ долларын құраған.

Халықаралық қауымдастық Иранды ядролық қару жасауға тырысып жатыр деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!