БҰҰ Иранда үміткерлердің сайлаудан шығарылғанын сынады

Фотография - БҰҰ Иранда үміткерлердің сайлаудан шығарылғанын сынады

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Иранда кейбір ықпалды саясаткерлер мен барлық әйел үміткердің президент сайлауына қатысу құқығынан айырылғанына алаңдаушылық білдірді.

109 0

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Иранда кейбір ықпалды саясаткерлер мен барлық әйел үміткердің президент сайлауына қатысу құқығынан айырылғанына алаңдаушылық білдірді.

БҰҰ сарапшылары бейсенбіде жасаған мәлімдемесінде аталған үміткерлерді сайлаудан шығарып тастау "кемсітушілік болып саналады және ол халықаралық нормалар мен стандарттарға қайшы" деді.

Иранда президент сайлауына кімдердің қатысатынын консервативтік діни жетекшілер мен заңгерлерден құралған Конституциялық қадағалау кеңесі шешеді. Қадағалау кеңесі өткен аптада 14 маусымда өтетін президент сайлауына тек сегіз үміткер ғана түседі деп шешкен. Сайлауға түсуге негізі 700-ге тарта адам өтініш білдірген еді. Сайлаудан шығарылғандар арасында 30 әйел бар.  

БҰҰ құқық қорғаушылары бұған қоса Иранда журналистерге жасалып жатқан қоқан-лоқы мен ақпарат құралдарында сөз бостандығына шектеу салына бастағанына да алаңдайды. Сарапшылар қоқан-лоқы мен сөз бостандығын шектеу сайлауға қатысты сыни ақпараттардың азаюына және сайлаудың әділ өтуіне кедергі келтіреді дейді.

Иранда президент сайлауы 14 маусымда өтеді. Қадағалау кеңесі сайлаудан шеттеткен үміткерлер арасында Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хашеми Рафсанджани мен Эсфандьяр Рахим Машаи (қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы) бар. Сайлауға түсетіндер арасында консерваторлар басым.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!