Пәкістанда "Талибан" басшыларының бірі оққа ұшқаны хабарланды

Фотография - Пәкістанда "Талибан" басшыларының бірі оққа ұшқаны хабарланды

АҚШ-тың пилотсыз ұшақпен жүргізген операциясында "Талибанның" пәкістандық қанаты басшыларының бірі Вали-ур Рехман Мехсудтың қаза тапқанын хабарланды.

235 0

АҚШ-тың пилотсыз ұшақпен жүргізген операциясында "Талибанның" пәкістандық қанаты басшыларының бірі Вали-ур Рехман Мехсудтың қаза тапқанын хабарланды.

Дереккөздері берген ақпаратқа қарағанда, пәкістандық "Талибанның" командирі Хакимулла Мехсудтың орынбасары Рехман Мехсуд Пәкістанның Солтүстік Вазиристан провинциясында 29 мамырда мерт болған.

"Талибанның" пәкістандық қанаты "Техрик-э-Талибан Пәкістан" деп аталады. Хакимулла Мехсуд пен Рехман Мехсудтың әрқайсысының басына олар туралы анық мәлімет берген адамға АҚШ үкіметі 5 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы тіккен еді.

Рехман Мехсуд 2008 жылы Исламабадтағы Marriott қонақүйіне жасалған шабуылға жауапты делінеді. Ол шабуыл кезінде 50 адам құрбан болған еді.

Бірақ пәкістандық "Талибан" өкілі Ихсанулла Ихсан Reuters агенттігіне Рехман Мехсудтың қаза тапқанын растамаған.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!