АҚШ-та анасы печенье ұрлағаны үшін туған ұлын сотқа берді

Фотография - АҚШ-та анасы печенье ұрлағаны үшін туған ұлын сотқа берді

Солтүстік Каролина штатының тұрғыны пісірген печеньесін ұрлап жеген 13 жасар ұлының үстінен шағым түсірді. Жасөспірімге қатысты ұрлық жасады деген айып тағылып отыр

212 0

Солтүстік Каролина штатының тұрғыны пісірген печеньесін ұрлап жеген 13 жасар ұлының үстінен шағым түсірді. Жасөспірімге қатысты ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. 

13 жасар баласының печеньені рұқсатсыз жегені үшін 37 жастағы Латаши Ренее Лав есімді анасы үйге полиция қызметкерлерін шақырыпты. Тәртіп сақшысы барлық мән жайды анықтап, залалды 5 долларға бағалаған. 

Осы оқиғаға қарамастан, көршілері баланы тәрбиелі, ақылды деп мақтауда. Анасы мен баласы арасындағы кикілжіңді байқағанымен, әйелді осындай әрекетке барады деп ойламағандарын айтып отыр.

АҚШ-та отбасылық кикілжіңді шешіп беру үшін полиция қызметкерлері жиі шақырылады. Тек балалары ғана емес, ата-аналар да балаларының үстінінен арыз жазып жатады. Бұл АҚШ-та үйреншікті жағдай болып қалыптасқан. Шағымдар да әр түрлі болады. Мәселен ұйқы режимін сақтамауы, әжетхана мен жуынатын бөлмені таза ұстамауы, үй тапсырмасын орындамауы, сыйлық беруден бас тартуы және т.б. себеп бола алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!