Ыстықкөлде төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Ыстықкөлде төтенше жағдай жарияланды

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев Ыстықкөл облысының Жетіөгіз ауданының аумағында төтенше жағдай жариялау жөніндегі жарлыққа қол қойды

232 0

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев Ыстықкөл облысының Жетіөгіз ауданының аумағында төтенше жағдай жариялау жөніндегі жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Қырғыз Республикасы президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі. 

Жарлыққа сәйкес төтенше жағдай Астана уақыты бойынша, 31 мамыр күні 15:00-ден бастап енгізіліп, мұндай қалып осы жылдың 10 маусымына дейінгі аралықта сақталатын болды. Сонымен қатар, әр тәулікте 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейінгі аралықта коменданттық сағат орнатылады. Аталған аймақтың коменданты болып, елдің Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бақтыбек Жусібалиев тағайындалды. Оған төтенше жағдайдың жариялануына сеп болған мәселелерді анықтау мен тиісті талаптардың қатаң орындалуын және азаматтардың еркін жүріп-тұруын, құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жүктелген.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі мен ІІМ, ҰҚК және ТЖМ әскерлерінен жедел штаб құрып, жағдайды мұқият бақылауда ұстау тапсырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қырғыздың Ыстықкөл облысының тұрғындары тағы да митинг өткізуге жиналған еді. Жұртшылық «Құмтөр» кенішіне барар жолды жауып тастауды жоспарлаған. Алайда, оларды райынан қайтару үшін билік өкілдері милицияның күшін қолдануына тура келген. Осыдан соң аймақта жаппай тәртіпсіздік орын алып, салдарынан екі тараптан да алты адам зардап шекті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!