Еуроаймақта жұмыссыздық кезекті рекордтық көрсеткішке дейін өсті

Фотография - Еуроаймақта жұмыссыздық кезекті рекордтық көрсеткішке дейін өсті

2013 жылғы сәуірде еуро аймағында 17 елде жұмыссыздық 12,2 пайыздық жаңа рекордтық деңгейге жетті. Мұндай мәліметтер Еуростат материалдарында келтірілген

170 0

2013 жылғы сәуірде еуро аймағында 17 елде жұмыссыздық 12,2 пайыздық жаңа рекордтық деңгейге жетті. Мұндай мәліметтер Еуростат материалдарында келтірілген, деп хабарлады Росбалт.

Тұтастай алғанда, Еуроодақта (27 ел) сәуірде жұмыссыздық наурыздағы 11 пайыздық деңгейде қалды.

Еуростаттың атап өтуінше, жұмыссыздық жылдық есеппен алғанда 2012 жылдың сәуірінде 11,2 пайызды құраған болса, тұтастай алғанда Еуроодақта 10,3 пайызды құрады.

Сәуір айында Еуроодақтың 27 елінде 26,588 млн. адам жұмыссыздар қатарында болды, соның ішінде 19,375 миллионы - еуроаймақ елдерінде. Бұдан бұрынғы ақпан айымен салыстырғанда жұмыссыздық Еуроодақта да, еуроаймақта да өсті. Жылдық есеппен сәуірдегі жұмыссыздықтың өсуі тиісінше 104 мың және 95 мың адам болды.

Мүше-мемлекеттер арасында жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші Австрияда (4, (4,9%),  Германияда, (5,4%), Люксембургте (5,6%), ал ең жоғары көрсеткіш - Грекияда (2013 жылғы  ақпанда 27%) Испанияда (26,8%) және  Португалияда (17,8%) тіркелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!