Әуеде екі ұшақ соқтығысты - 4 адам қаза тапты

Фотография - Әуеде екі ұшақ соқтығысты - 4 адам қаза тапты

АҚШ-тың Аризона штатының әуе кеңістігінде Piper PA-28 Cherokee және Cessna шағын ұшақтары соқтығысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты

108 0

АҚШ-тың Аризона штатының әуе кеңістігінде Piper PA-28 Cherokee және Cessna шағын ұшақтары соқтығысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап РБК хабарлады.

Журналистердің мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға Феникс қаласының солтүстігінде орын алған. Екі шағын ұшақ та қалалық авиация мектебінің иелігінде болған. Тергеу амалдарының мүддесіне орай қаза тапқан адамдардың аты-жөндері әзірше жария етілмей отыр. Сонымен қатар ұшақтардың соқтығысу себептері анықталу үстінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!