Түркия қалаларында наразылық шерулері өтті

Фотография - Түркия қалаларында наразылық шерулері өтті

Түркияда болған қарсылық акцияларында полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды

198 0

Түркияда болған қарсылық акцияларында полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болды.

Ал жұма күні полиция Стамбулда шеруге шыққан азаматтарға қарсы көз ашытатын газ қолданып, су атқылаған еді. Полицияның бұл әрекеттерінің кесірінен 12 адам жарақат алған.

Шерушілер бастапқыда қаладағы жөндеу жұмыстары кезіндегі ағаштарды жаппай қырқуға наразы болған. Ал оларға қарсы қолданған полицияның әрекеті Түркияның басқа қалаларындағы наразылықтарға себеп болды.

Анкара, Измир қалаларының тұрғындары да шеруге шықты. Олардың пікірінше, Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған авторитарлы саясат жүргізіп отыр.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы мен АҚШ мемлекеттік департаменті, Еуропа парламентінің өкілдері бейбіт шерушілерге Түркия полициясының күш қолдануына қатысты алаңдаушылықтарын білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!