Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Фотография - Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Ахмадинежад пен оның жанында болған үкіметтік шенеуніктер мінген тікұшақ Иранның солтүстігінде апатқа ұшырады

154 0

Иранның солтүстігінде ел президенті Махмуд Ахмадинежад отырған тікұшақ құлады, деп хабарлады Mehr жергілікті жаңалықтар агенттігі.

«Ахмадинежад пен оның жанында болған үкіметтік шенеуніктер мінген тікұшақ Иранның солтүстігінде апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәлімдеуінше, оқиға салдарынан президент зардап шекпеген, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Махмуд Ахмадинежад Ирандағы ең ұзын туннельді ашу үшін Мазендеран провинциясына бара жатқан болатын. Агенттіктің хабарлауынша, туннельді ашу салтанаты өз уақытында өтті, президент Тегеранға қайтар жолда машинаға мінген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!