Үндістанда үш ешкіні сиқырлық жасады деп айыптауда

Фотография - Үндістанда үш ешкіні сиқырлық жасады деп айыптауда

 Үндістанның полициясы өз әрекетімен бүкіл әлемді таң қалдырды

237 0

 Үндістанның полициясы өз әрекетімен бүкіл әлемді таң қалдырды. Кәдімгі ешкілерді қамауға алған олар осынау үй жануарларын сиқыршылықпен айналысты деп айыптауда. Бұл жайында Lenta.ru хабарлайды.

Бұл жайт елдің оңтүстігіндегі Ченнай қаласында орын алды. 12 ешкі полицияның су жаңа Honda Ascot Innova деп аталатын қызметтік көлігінің төбесіне шығып кеткен. Салдарынан автомобильге айтарлықтай змян келді, оның терезелері сынып, қаңқасы майысқан.

Тәртіп сақшылары «қылмыскерлердің» үшеуін-ақ ұстап үлгеріпті, қалғандары оқиға орнынан қашып кеткен. Қолға түскен «күдіктілер» полиция бөліміне жеткізілді.

Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл ешкілер бұрындары да тәртіп бұзушылықтармен талай көзге түскен екен. Алайда, бұл жолы су жаңа көлікті зақымдап, шектен шығып кетті дейді олар.

Ал, жануарлардың иесі 37 жастағы Мари Арогинатанға малдарға дұрыс қарамады деген айып тағылды.


Тегтер:

пакистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!