Түркияда 3 күнде 1900 адам қамауға алынды

Фотография - Түркияда 3 күнде 1900 адам қамауға алынды

 Соңғы 3 күнде Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Анталья, Измир мен Конья сияқты қалаларында 90-нан астам қарсылық акциясы өткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда, тәртіпсіздіктер кезінде 1900-ге жуық адам қамауға алынды

386 0

 Соңғы 3 күнде Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Анталья, Измир мен Конья сияқты қалаларында 90-нан астам қарсылық акциясы өткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда, тәртіпсіздіктер кезінде 1900-ге жуық адам қамауға алынды

Түркия астанасындағы Таксим алаңын өзгерту жобасына қарсылық танытқан бейбіт акцияның соңы тәртіпсіздікке әкеп соққан.

Түркия премьер-министрі ұсынған жобада Ыстамбұлдың Гези саябағындағы ағаштарды отау қарастырылған. Акция жергілікті экологтардың қарсылық шарасынан басталғанымен кейін жиналғандар алкогольге тыйым салынуы мен «исламдандыру саясатына» деген наразылықтарын білдіре бастаған.

Полиция жиналғандарды көзден жас шығартын газбен және су ату арқылы таратпақ болғанда екі жақтың арасында қақтығыс басталған. Ресми деректерге қарағанда, 58 жергілікті тұрғын мен 115 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарақат алыпты. Қамауға алынғандардың біразынан жауап алынып, үйлеріне босатылды. Әзірге тәртіпсіздікке қатысушыларға ресми айып тағылуы жөнінде ақпарат жоқ. 


Тегтер:

түркия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!