600 миллион доллар ұтыстың иесі үш аптадан бері іздестірілуде

Фотография - 600 миллион доллар ұтыстың иесі үш аптадан бері іздестірілуде

АҚШ-тың Флорида штатындағы Зефирхиллс қалашығында «Powerball» лотереясынан рекордтық көрсеткіш 590 миллион доллар ұтысына ие болған жан үш аптадан бері белгісіз күйінде қалып отыр

289 0

АҚШ-тың Флорида штатындағы Зефирхиллс қалашығында «Powerball» лотереясынан рекордтық көрсеткіш 590 миллион доллар ұтысына ие болған жан үш аптадан бері белгісіз күйінде қалып отыр. 

Ұтыс билеті 18 мамыр күні қаладағы супермаркеттердің бірінде сатылған. «Бұл кішкентай ғана қалашық. Тіпті, тұрғындар бір-бірін жазбай таниды. Қандай да бір құпияны мұнда ұзақ уақыт сақтап қалу мүмкін емес» дейді жергілікті газеттің тілшісі Дейв Уолтерс. Себебі, қалашықта бар-жоғы 13,5 мың адам тұратын көрінеді.

Қала тұрғындары болашақ миллионер сатып алынған сәтті билет жайында мүлдем ұмытып кеткен болар деп топшылайды. «Өйткені, біреу-міреу тұмауратып жұмысқа келмей қалса, елдің бәрі сәтті билеттің иесі осы шығар деп ойлайды. Демалыс алып, еңбекке жарамсыздық параған әкелсе де жұрттың күдігі мен үміті күшейіп, «ұтыс билетінің иесі Сіз емес пе?» деп сұрайтын болған деп түсіндіреді Уолтерс.

Қалашықтағы тұрғындар арасында джекпоттың иегері 23-26 жас шамасындағы әйел кісі деген қауесет те тараған. Тек, құнды билет қалтада қалып, кір машинада жуылып кетіп немесе түбегейлі жоғалып қалған болуы да мүмкін деседі.

Дегенмен, жеңімпаз бір реттік төлем жүйесі бойынша 18 шілдеге дейін, яки жыл сайынғы төлем ретімен осы жылдың қарашасына дейін сәтті билетке тиесілі қаржыны алу құқына ие.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!