Сарапшылар: Азиялық үш ел ядролық қаруын арттырды

Фотография - Сарапшылар: Азиялық үш ел ядролық қаруын арттырды

Зерттеу ұйымының мәліметтеріне қарағанда, Пекин ядролық оқтұмсықтарының санын бір жыл бұрынғыдан 10 есеге арттырып, 250-ге жеткізген

135 0

Стокгольм бейбітшілік институтының зерттеуінше, өткен жылы Қытай, Үндістан және Пәкістан ядролық қару-жарақтары санын арттырды. Зерттеу ұйымының мәліметтеріне қарағанда, Пекин ядролық оқтұмсықтарының санын бір жыл бұрынғыдан 10 есеге арттырып, 250-ге жеткізген.

Үндістан мен Пәкістанның ядролық арсеналына да 10 оқтұмсықтан қосылған. Институт Исламабадта 100-120, Үндістанда 90-110 аралығында ядролық оқтұмсық  болуы мүмкін дейді.

Стокгольмде бейбітшілік институты өткен жылы Ресей мен АҚШ қана екіжақты келісім негізінде ядролық қаруларын азайтқанын айтады. Мәскеу ядролық оқтұмсықтар санын 10 мыңнан 8,5 мыңға дейін, ал Вашингтон сегіз мыңнан 7700-ге дейін кеміткен.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!