Дубайда «экологиялық» мешіт салынып жатыр

Фотография - Дубайда «экологиялық» мешіт салынып жатыр

 Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Уақыптар мен діни азшылық қоры Дубайда экологиялық мешіт тұрғызып жатыр. Бұл Таяу Шығыстағы алғашқы мешіт болайын деп тұр.

191 0

 Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Уақыптар мен діни азшылық қоры Дубайда экологиялық мешіт тұрғызып жатыр. Бұл Таяу Шығыстағы алғашқы мешіт болайын деп тұр.

AME Info-ға осы қордың бас хатшысы Тайып әр-Раис хабарлағандай, мешіт құрылысының 25 пайызы аяқталып қойған көрінеді. Таяу Шығыстағы ең ірі қаржы орталығында салынып жатқан мұсылмандар құлшылық үйі 2014 жылдың наурыз айында ел игілігіне беріледі. Бір айта кетерлігі, ғибадат үйі экологиялық стандарттарға сай салынып жатыр. Яғни, мешітке күн батареясы қойылып, шатырда жасанды саябақ ашылады. Бұған қоса, дәрет алатын және өзге де қажеттіліктерге пайдаланылатын су белгілі бір уақыт аралығында тазаланатын болады.

Дубайдың ең қонақжай орындарының біріне айналуы тиіс мешіт Дейра ауданында, әлемге әйгілі мұнараның маңынан ірге тебеді. Оның жалпы ауданы – 105 мың шаршы фут. Оның 45 мың шаршы футын ғибадат үйінің ғимараты алып жатыр. 


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!