Қытайда құс фабрикасында шыққан өрттен 55 адам көз жұмды

Фотография - Қытайда құс фабрикасында шыққан өрттен 55 адам көз жұмды

Бүгін Қытайдың солтүстік-шығысында құс фабрикасында шыққан өрттен кемінде 55 адам мерт болды деп хабарлайды Agence France-Presse «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

307 0

Бүгін Қытайдың солтүстік-шығысында құс фабрикасында шыққан өрттен кемінде 55 адам мерт болды деп хабарлайды Agence France-Presse «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр және қайтыс болғандардың саны әлі де артуы мүмкін.


Өрт Дэхуэй қаласы Цзилинь провинциясындағы құс фабрикаларының бірінде болған. Фабрика жұмысшылары ғимарат ішінде қамалып қалыпты. «Синьхуа» ақпарат агенттігінің деректері бойынша өрттің шығуына кәсіпорынның электр желілерінде туындаған жарылыстар себеп болған.

Дэхуэй қаласында орналасқан фабрика құс етін шығару бойынша жергілікті кәсіпорындар арасында жетекші орындағы Jilin Baoyuanfeng Poultry Co. компаниясына тиесілі. Онда шамамен 1,2 мыңға тарта адам жұмыс істейді.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!