Бұзақы-құмырсқалар есік қоңырауын ермекке айналдырды

Фотография - Бұзақы-құмырсқалар есік қоңырауын ермекке айналдырды

Германияның Оффенбург қалашығында тұратын 75 жастағы кемпір беймәлім бұзақылардың есік қоңырауын шалып, мазасын ала бергені үшін бірнеше рет полицияға шағым айтып хабарласқан.

145 0

Германияның Оффенбург қалашығында тұратын 75 жастағы кемпір беймәлім бұзақылардың есік қоңырауын шалып, мазасын ала бергені үшін бірнеше рет полицияға шағым айтып хабарласқан.

Есік қоңырауы жиі мазалай берген соң, ол есікті бақылауына алады. Алайда қоңырау шалынған кезде есік алдынан ешкім байқалмайды. Соңында төзімі таусылған әйел мамандардың көмегіне жүгінуіне тура келеді. Тексеру жүргізген мамандар бұзақыларды лезде анықтаған, үйдің маңынан құмырсқалар илеуі табылған. Бұзақылар илеуге барар жол ретінде есіктің жақтауын пайдаланған. Осылайша, ары-бері өткен құмырсқалар электрді тұйықтап, қоңырауды іске қосып отырған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!