Британияда ысырап болған тамақ үшін айыппұл енгізуді ұсынуда

Фотография - Британияда ысырап болған тамақ үшін айыппұл енгізуді ұсынуда

Британдық парламент мүшелерінің тобы елдегі жеке секторда және өндірістерде өте көп тамақ өнімдері ысырап болып, лақтырылатынын алға тартып отыр.

327 0

Британдық парламент мүшелерінің тобы елдегі жеке секторда және өндірістерде өте көп тамақ өнімдері ысырап болып, лақтырылатынын алға тартып отыр.

Осы орайда олар ел үкіметін азық-түлік қалдықтары көлемін қысқарту үшін пәрменді шаралар қабылдауға шақырды.

ВВС-дің жазуынша, бұл бастаманың авторлары азық-түлікке елеулі түрде ұқыптылықпен қарау арқылы осы сектордағы шығыстарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді деп түсіндіруде.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, қазіргі кезде британдық орташа отбасыда сатып алынған тамақ өнімдері мен сусындардың 20 пайызға жуығы лақтырылады екен.

Парламент өкілдері министрлерге азық-түліктің өндірушілері мен сатушылары үшін, сондай-ақ мейрамхана секторы үшін тамақ қалдықтарына лимит бекітуді және нормаларды орындамағандарға айыппұл салуды ұсынып отыр.

Бұған қоса бастама тобы қоқысқа шығарылған тамақты тиімді пайдаланудың тетігін әзірлеуді де ұсынуда.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!