Наразылық танытушылар Бішкек-Ош жолын жауып тастады

Фотография - Наразылық танытушылар Бішкек-Ош жолын жауып тастады

Наразылық танытушылар Жалал-Абад облысы аумағындағы Қырғызстанның оңтүстік және солтүстік бөлігін жалғайтын жолды жапқан

169 0

Қырғызстанда оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының жақтастары осы партияның қамаудағы үш жетекшісі мен "халық губернаторы" деп жарияланған Медербек Үсеновті босатуды талап етіп, Бішкек-Ош тас жолын жауып тастады.

Наразылық танытушылар Жалал-Абад облысы аумағындағы Қырғызстанның оңтүстік және солтүстік бөлігін жалғайтын жолды жапқан. Олар "Ата Жұрт" партиясының қамаудағы жетекшілері мен Жалал-Абад облысының "халық губернаторы" деп жариялаған Медербек Үсеновті босатуды талап етіп отыр.

31 мамырда жүздеген адам оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісін босатуды талап етіп, наразылық танытқан еді. Шерушілер Жалал-Абадтағы облыс әкімшілігі кеңсесін басып алып, Медербек Үсеновті "халық губернаторы" етіп сайлағанын жариялаған. Маусымның 2-сі күні Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Үсеновтің қамауға алынғанын хабарлаған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!