Мәскеу мэрі С. Собянин отставкаға кетуге шешім қабылдады

Фотография - Мәскеу мэрі С. Собянин отставкаға кетуге шешім қабылдады

Мәскеу мэрі Сергей Собянин отставкаға кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы ол Қоғамдық палатаның отырысында мәлім етті

100 0

Мәскеу мэрі Сергей Собянин отставкаға кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы ол Қоғамдық палатаның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды РБК.

Құрылым өкілдері мэрден қалалық мемлекеттік бағдарламалар мен ұзақмерзімді жобаларды соңына дейін жеткізуге дайындығы жайлы сұрады.

Өз кезегінде, қала басшысы өзінің берген уәделерінің барлығын да орындай алатындығын,  алайда оған мәскеуліктердің сенімі ауадай қажет екендігін айтты. Осыған орай, С. Собянин отставкаға кетіп, 2013 жылдың қыркүйек айында болатын мэр сайлауына қатысу туралы шешім қабылдаған.

Мәскеу қалалық думасындағы дереккөздердің айтуынша, жақын күндерде Мәскеу парламентінде кезектен тыс отырыс болып, ол жерде депутаттар С. Собянин кандидатурасын қала мэрі қызметіне ұсынбақ.

Мэр сайлауы бірыңғай дауыс беру күні 8 қыркүйекте болмақ. Дәл осы күні Мәскеу облысы губернаторының да сайлауы өтпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!