БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғаны туралы айтты

Фотография - БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғаны туралы айтты

БҰҰ инспекторлары Сирияда белгілі мөлшерде химиялық қару қолданылған деп ұйғаруға боларлықтай себептер барын мәлімдеді.

224 0

БҰҰ инспекторлары Сирияда белгілі мөлшерде химиялық қару қолданылған деп ұйғаруға боларлықтай себептер барын мәлімдеді.

БҰҰ-ның тергеу комиссиясы сейсенбіде Женевада Сирияға қатысты дайындаған есебін жария етті. бірақ инспекторлар химиялық қарудың қандай түрі және оны соғысып жатқан қос тараптың қайсысы қолданғанын анықтау үшін қосымша мәліметтер қажетін айтады.

Бұдан бұрын Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Франция үкіметі Сирияның кейбір аудандарында зарин газы қолданылғанына сенімді екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл газдың қолданылғанын Сирияда сараптама жүргізген мамандар анықтаған. 

БҰҰ баяндамасында қаңтардың ортасынан мамырдың ортасына дейінгі аралықтағы Сириядағы жағдай қамтылған. Онда "әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы қылмыс Сирияда күнделікті құбылысқа айналғаны" айтылады.

Сирияда Асад режиміне қарсы 2011 жылы наурызда басталған қарулы көтеріліс барысында БҰҰ дерегі бойынша 80 мыңнан аса адам қаза тауып, бірнеше миллион тұрғын баспанадан айырылды.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!