Керри Армения министрімен Таулы Қарабах жайын талқылады

Фотография - Керри Армения министрімен Таулы Қарабах жайын талқылады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Армения сыртқы істер министрі Энвард Налбандянмен кезедсіп, Таулы Қарабах мәселесін шешу жолдарын талқылады

171 0


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Армения сыртқы істер министрі Энвард Налбандянмен кезедсіп, Таулы Қарабах мәселесін шешу жолдарын талқылады.

Керридің пікірінше, Әзербайжанның сепаратистік Таулы Қарабах аймағы мәселесін шешуге Армения, Әзербайжан, Түркия, Ресей, Иран және басқа елдер де атсалысу керек.

АҚШ мемлекеттік хатшысы маусымның 3-і күні Әзербайжан сыртқы істер Эльмар Мамедьяровпен кездесіп, Таулы Қарабах проблемасын шешу жолдары бар деген еді.

Налбандян мен Керри АҚШ пен Армения арасындағы экономикалық мәселелерді де талқылады. Кездесуде Налбандян қазір екі ел арасындағы байланыс жоғары деңгейде екенін айтты.

Армян оппозициясының жетекшісі Раффи Ованнисян 3 маусымда Вашингтонға барған еді. Ол АҚШ мемлекеттік департаментін Арменияда демократияның дамуында белсенді рөл атқаруға шақырған.

Армения қолдаған этникалық армяндар 1990 жылдардың басында Таулы Қарабах аймағын басып алған еді. Франция, Ресей мен АҚШ содан бері екі ел арасындағы даулы мәселені шешудегі келіссөздерде ара ағайындық жасап келеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!